Мазмұнға өту
qandastar.

Алдағы үш жылда Ұлттық қордан қанша ақша алынатыны белгілі болды

Малика Хамит · · 138 қаралым
Алдағы үш жылда Ұлттық қордан қанша ақша алынатыны белгілі болды

Қазақстан алдағы үш жылда Ұлттық қор қаражатын инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды

порталы.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің мәліметінше, 2027–2029 жылдары Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі 5 трлн теңге болады. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты.

Қаражат бірнеше маңызды бағытқа жұмсалмақ. Оның ішінде:

  • әлеуметтік нысандар;
  • коммуналдық инфрақұрылым;
  • энергетика саласы;
  • көлік инфрақұрылымы бар.

Яғни қордан алынған ақша әлеуметтік қажеттіліктер мен елдегі инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ.

Салыстыру үшін, 2025 жылы Ұлттық қордан 5,7 трлн теңге, ал 2024 жылы 6 трлн теңгеден астам қаражат алынған болатын.

Жаңа жоспар бойынша алдағы үш жылда қор қаржысы негізінен нақты жобаларды қаржыландыруға жұмсалмақ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp