Мазмұнға өту
qandastar.

Алдымен егіз, енді үшем: Шымкенттік ана он баланың анасы атанды

Малика Хамит
Алдымен егіз, енді үшем: Шымкенттік ана он баланың анасы атанды

Шымкентте ерекше оқиға болды. Бұған дейін екі рет егіз босанған әйел бұл жолы үшемді дүниеге әкеліп, көпбалалы отбасының қуанышын еселеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Енді шаңырақтағы бала саны онға жетті.

Үшем 17 қыркүйекте кесар тілігі арқылы туған. Екі қыз бен бір ұлға ата-анасы Альсия, Сафия және Аймұхаммед деп ат қойған.

Сәбилер мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, алғашқы күндері дәрігерлердің жіті бақылауында болып, жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Кейін жағдайлары тұрақталып, арнайы күтім бөліміне ауыстырылған.

Қазір үш нәрестенің де жағдайы қанағаттанарлық. Әрқайсысының салмағы екі келіден асқан. Дәрігерлер сәбилердің денсаулығын бақылауда ұстап отыр.

Айта кетейік, үшем дүниеге келгенге дейін отбасында жеті бала тәрбиеленіп жатқан. Енді оларға тағы үш сәби қосылып, ата-ана он баланың қызығы мен қуанышын көріп отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp