Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Спортшы жарыс барысында әлем рекордын да жаңартты.
Аичи префектурасында ерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Чуркин жұлқа көтеруде 173 келіні еңсерді. Бұл нәтиже әлемдік рекорд ретінде тіркелді.
Серпе көтеруде қазақстандық спортшы 205 келіні бағындырды. Осылайша қоссайыстағы жалпы нәтижесі 378 келі болып, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Жарыстың қорытындысы:
- Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) — 379 кг (165+214)
- Алексей Чуркин (Қазақстан) — 378 кг (173+205)
- Шуннан Чен (Қытай) — 374 кг (163+211)
Осылайша Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия ойындарында екінші медалін иеленді. Бұған дейін 77 келі салмақта өнер көрсеткен Аянат Жұмағали күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
Бір келі айырмашылық Чуркинді алтыннан айырғанымен, қазақстандық спортшы жарысты әлемдік рекордпен қорытындылады.