Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екінші рет чемпион атанды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ол ерлер арасындағы тасжолдағы 160,5 шақырымдық топтық жарыста қарсыластарынан озып, мәреге бірінші болып жетті. Луценко қашықтықты 4 сағат 13 минут 11 секундта бағындырды.
Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде бірден екі жүлде алды. Евгений Федоров мәреге Луценкодан 1 минут 58 секунд кейін келіп, күміс медаль иеленді.
Осылайша Алексей Луценко Азия ойындарындағы алтын медальдарының санын алтыға жеткізді.