Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён ұлттық футбол құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты жағдайды жан-жақты зерделеуді ұсынды, деп хабарлайды
порталы.
Мемлекет басшысы құраманың жарысты ерте аяқтауына кадрлық саясаттың ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.
Оның пікірінше, басқару жүйесінде кәсіби біліктілік пен нәтижеге емес, жеке байланыстарға басымдық беру спорттық көрсеткіштерге кері әсер етеді.
Егер жауапты қызметтерге кәсіби деңгейі жеткіліксіз адамдар тағайындалса, оның салдары міндетті түрде нәтиже сапасына әсер етеді
Осы жағдай аясында ұлттық құраманың бас бапкері Хон Мён Бо қызметінен кететінін жариялады. Ол бұл лауазымда 2024 жылдан бері жұмыс істеді. Бұған дейін Хон Мён Бо футболшы ретінде төрт әлем чемпионатына қатысып, 2002 жылғы мундиальда жартылай финалға дейін жеткен тарихи құраманың капитаны болған.
2026 жылғы әлем чемпионатында Оңтүстік Корея өз тобында үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне өте алмады. Команда Чехия құрамасын жеңгенімен, Мексика және Оңтүстік Африка құрамаларынан жеңіліс тауып, жарысты топтық кезеңде аяқтады.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, футбол федерациясының жұмысы мен ұлттық құраманы басқару жүйесіне қатысты мәселелер алдағы уақытта қосымша қаралуы мүмкін.