Мазмұнға өту
qandastar.

Әлемдік подиумнан әскери сапқа: Шыңғыс Таңатпаевтың таңдауы

Бақытжан Мұса · · 45 қаралым
Әлемдік подиумнан әскери сапқа: Шыңғыс Таңатпаевтың таңдауы

Әлемдік сән

танылған қазақстандық модель Шыңғыс Таңатпаев бүгінде Отан алдындағы борышын өтеп, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүр. Бұл туралы

сайты хабарлады.

Шыңғыс модельдік мансабын 17 жасында бастап, бойы мен келбеті арқасында халықаралық подиумдарға жол ашқан. Ол француздың әйгілі Pierre Cardin сән үйінің, сондай-ақ италиялық дизайнер Federico Barrazzo мен Sauvage Multi брендтерінің топтамаларын таныстырып, әлемнің бірнеше еліндегі сән көрсетілімдеріне қатысқан.

Өз сөзінде Шыңғыс 18 жасында сән саласында кәсіби мансап құру үшін шетелге кеткенін, кейін азаматтық борышын өтеу мақсатында елге оралғанын айтты.

Қазір ол Қарағанды қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысып, бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті сақтауға қызмет етеді. Сонымен қатар тұрғындарға көмек көрсетіп, адасып кеткен балаларды ата-анасына табыстау және жоғалған бағалы заттарды иелеріне қайтару сияқты игі істерге де үлес қосып жүр.

Ұлттық ұланның мәліметінше, қазіргі таңда еліміздің 21 қаласында күн сайын 7 мыңнан астам әскери қызметкер қоғамдық тәртіпті күзетеді. Оның ішінде Қарағанды қаласында бұл міндетке тәулігіне 250-ден астам сарбаз жұмылдырылады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp