Мазмұнға өту
qandastar.

Әлеуметтік желіде ер адамның қызды қинап жатқан сәті таспалаған видео тарады

bahitzhanabzal · · 122 қаралым
Әлеуметтік желіде ер адамның қызды қинап жатқан сәті таспалаған видео тарады

Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында қызды қинап жатқан ер адамның әрекеті таспаға түсіп қалды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Оқиға көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің подъездінде, бірінші қабатта болған. Бойжеткен подъездге кірген сәтте соңынан ер адам кіріп, құшақтай алып, аузынан басып, қызды күштеп сыртқа сүйрей жөнелген. Шыға берісте қызды құлатқан. Қыз айқайлағаннан кейін көршілер шыққан. Сол сәтте ер адам сыртқа шығып қашып кеткен.

Ұлытау облысының Полиция департаментінің мәліметінше күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp