Көкшетауда әлеуметтік желілерде кеңінен тараған «педофилді әшкерелеу» оқиғасына полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды
порталы.
Бұған дейін «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері балалардың интернеттегі қауіпсіздігін тексеру мақсатында 12 жастағы қыздың жалған парақшасын ашқанын хабарлаған. Олардың мәліметінше, желі қолданушыларының бірі өзін кәмелетке толмаған қыз ретінде таныстырған аккаунтпен хат алмасып, кездесуге дейін барған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жаңа адамдар жастар қозғалысы 🇰🇿 (@zhana.adamdar)
Алайда Ақмола облысы полициясының мәліметінше, бұл оқиға 2025 жылдың қараша айында тіркелген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
Тергеу барысында хат алмасу жалған аккаунт арқылы жүзеге асқаны анықталған. Сонымен қатар ұсынылған скриншоттардың өзгертілгені белгілі болып, олар дәлел ретінде қабылданбаған.
Нәтижесінде құқық қорғау органдары Көкшетау тұрғынының әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін таппаған. Осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.