Мазмұнға өту
qandastar.

Алимент ісіне келіспеген азамат сот орындаушысына күш қолданған

Малика Хамит · · 759 қаралым
Алимент ісіне келіспеген азамат сот орындаушысына күш қолданған

13 мамыр күні Алматы облысы Талғар қаласында жеке сот орындаушысының кеңсесінде шабуыл болды, деп хабарлайды

порталы.

Алимент бойынша борышкердің ұлы жеке сот орындаушысының беті мен басына ауыр соққы жасап, салдарынан жәбірленушіге ми шайқалуы және жұмсақ тіндердің жарақаты диагнозы қойылған.

Полиция жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал алимент өндіру ісіндегі 100 мың теңге көлеміндегі талапқа келіспеушіліктен туындаған. Бұған дейін тараптар медиация рәсімінен өткен.

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше, бұл – жыл басынан бері жеке сот орындаушысына жасалған төртінші шабуыл фактісі.

Бұған дейін Қостанай облысында алимент бойынша борышкер әйел сот орындаушысының бетіне пышақ жарақатын салған. Кейін іс аса ауыр қылмыс ретінде қайта сараланып, сотқа жолданған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында да жеке сот орындаушыларына шабуыл жасау деректері бойынша тергеу аяқталған.

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы қызметтік міндеттерін атқару кезінде әріптестерімізге жасалған шабуылдарды қатаң айыптайды және кінәлі адамдарды қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартуға бар күшін салады
делінген палата хабарламасында.
Бөлісу: Telegram WhatsApp