Мазмұнға өту
qandastar.

Әлішер Елікбаев Перизат Қайраттың қорына қаржы аударғанын айтты

bahitzhanabzal · · 243 қаралым
Әлішер Елікбаев Перизат Қайраттың қорына қаржы аударғанын айтты

Фото:

forbes.kz

Блогер Әлішер Елікбаев әлеуметтік желідегі парақшасында су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы жинаған Biz Birgemiz Qazaqstan қорына ақша аударғаны туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды

тілшісіне сілтеме жасап.

Блогер қорға өз компаниясының атынан көмек ретінде қаржы аударған. Бұл қаражатты ұжым болып жинаған.

Әлішер Елікбаев компания атынан бөлек, отбасының атынан да қаржы жібергенін айтты. Еске салайық, ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ол 1,5 миллиард жымқырды деген күдікке ілінгені туралы жазған болатынбыз. 
Бөлісу: Telegram WhatsApp