Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы айналма жолында төлемді кешіктіру қымбатқа түседі

Малика Хамит · · 10 қаралым
Алматы айналма жолында төлемді кешіктіру қымбатқа түседі

Алматының Үлкен айналма автомобиль жолында (ҮАААЖ) жол ақысын төлеу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жаңа талапқа сәйкес, ақыны уақытында төлейтін жүргізушілер үшін тариф бұрынғы деңгейде сақталады, ал төлемді кешіктіргендер екі есеге жуық көп төлейді.

Көлік министрлігі енгізген өзгерістерге сәйкес, жол ақысын жеті жұмыс күні ішінде төлегендер үшін тариф көлік санатына қарай 302 теңгеден 951 теңгеге дейін өзгеріссіз қалады.

Ал белгіленген мерзімнен кешіктірілген жағдайда жаңа негізгі тариф қолданылады. Бұл кезде төлем мөлшері 605 теңгеден 1903 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Жол ақысы бұрынғыдай көлік түріне және ақылы учаскеде бір сағатқа дейін болған уақытына қарай есептеледі. Жүрілген қашықтық төлем құнына әсер етпейді.

Сонымен қатар, Алматы облысының Талғар, Қарасай және Іле аудандарының тұрғындарына арналған айлық және жылдық абонементтер бойынша қолданыстағы жеңілдіктер өзгеріссіз сақталады.

Жаңа тәртіп 2026 жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp