Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы әкімдігі зообақты көшірмейтінін хабарлады

bahitzhanabzal · · 200 қаралым
Алматы әкімдігі зообақты көшірмейтінін хабарлады

Фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық Мәдениет басқармасы хайуанаттар бағының қазіргі орнында жұмысын жалғастыратынын және оны басқа қалаға көшіру жоспары жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды  qandastar.kz

Ведомствоның хабарлауынша, Алматының даму жоспарында зообақты халықаралық стандарттарға сай жаңғырту мен қайта құру қарастырылған. Биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурс жарияланып, жаңарту жұмыстары 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілмек.

Сонымен қатар Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтындағы зообақты көшіру туралы ақпарат өшірілген.  Әкімдік жобалық кеңсе отырысында бұл мәселе талқыланғанын хабарлаған еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp