Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Бақытжан Мұса
Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, Satbayev University ғимаратында орналасқан №257 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Дауыс бергеннен кейін қала әкімі жергілікті басқару жүйесіндегі мәслихаттардың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттардың рөлін күшейтудің маңыздылығын бірнеше рет атап өткен.

Дархан Сатыбалды депутаттар тұрғындардың мүддесін қорғап, қала өміріне қатысты маңызды мәселелерді шешуге атсалысатынын жеткізді.

Айта кетейік, Алматыда мәслихат депутаттарының мандатына 168 кандидат үміткер болып отыр. Қала бойынша 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Дауыс беру бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp