Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды қабылдады

Бақытжан Мұса
Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды жеке қабылдап, қоғамдық ұйымдар, білім беру саласы, ғылыми зерттеулерді қолдау және әлеуметтік мәселелерге қатысты өтініштерді қарады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Қабылдау барысында азаматтар қоғамдық ұйымдардың қызметіне, білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына және қалалық бастамаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар математика саласындағы тәуелсіз ғылыми зерттеулерді қолдау мәселесіне назар аударылды. Өтініш білдіруші көпжылдық ғылыми жұмыстары туралы баяндап, өз әзірлемелеріне тәуелсіз сараптама жүргізу және зерттеулерді жалғастыру үшін қаржыландыру тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Бұдан бөлек, жергілікті кәсіподақ пен қаладағы колледждердің бірінің қызметіне қатысты сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және балаларға арналған білім беру бағытындағы журнал шығару мәселелері қаралды.

Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініштер жауапты органдардың жұмысына алынды. Салалық басқармалар мен тиісті бөлімшелерге көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу, құзыреті шегінде қажетті тексерулер жүргізу және азаматтарға заңнамада белгіленген тәртіппен түсініктеме беру тапсырылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp