Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы әуежайында баланың үстіне әйнек құлап кетті

bahitzhanabzal · · 99 қаралым
Алматы әуежайында баланың үстіне әйнек құлап кетті

фото: Әлеуметтік желіден

Алматы әуежайында ойнап жүрген баланың үстіне әйнек құлаған. Әйнектің сынығы баланың маңдайына тиді. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, бала шамамен 7-9 жаста. Оқиға 4 шілде Алматы-Шымкент рейсін күтіп тұрғанда болған.

Әуежайдың баспасөз қызметі баланың перронға шығатын жаққа қарай жүгіргенін және витражды қорғауды байқамағанын мәлімдеді.

Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметін, сондай-ақ жедел жәрдемді шақырды. Әуежайдың кезекші медицина қызметкерлері жедел жәрдем бригадасы жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетті
деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежай әкімшілігі емге кететін барлық шығынды өз мойнына алғанын айтып, ата-аналардан балаларын күту орнында мұқият бақылауды сұрады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp