Британдық BBC Travel басылымы Алматы қаласын 2027 жылы саяхаттауға кеңес берілген әлемнің 20 бағытының тізіміне қосты. Алматы бұл тізімге енген Орталық Азиядағы жалғыз қала атанды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Басылым Алматының заманауи өнерін, қазақтың ұлттық қолөнерін, дәстүрлі асханасын және тауға жақын орналасқанын ерекше атап өткен.
Саяхатшыларға баруға ұсынылған орындардың қатарында Almaty Museum of Arts өнер музейі, «Целинный» заманауи мәдениет орталығы және Auyl мейрамханасы бар.
Бұл тізім Алматының халықаралық туристік бағыт ретіндегі танымалдығын арттыруға ықпал етуі мүмкін.