Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы қаласының әкімі ауысады

bahitzhanabzal · · 209 қаралым
Алматы қаласының әкімі ауысады

Бұл туралы Алматы қаласы мәслихаты мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Жақын арада ең ірі мегаполис – Алматы қаласының шаһар басшысы ауысады. Қалалық мәслихат

жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін жиналыс өткізу жоспарланғаны айтылған.

2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00–де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді
делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Алматы қаласының қазіргі әкімі Ерболат Досаев. Ол 2012 жылдың 31 қаңтарында сайланған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp