Алматы метрополитенінің құрылысы мен жабдықтауына бөлінген бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша мемлекетке 127 млн теңге қайтарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Тергеу мәліметінше, «Метрополитен» КМК-ның лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшыларымен және қызметкерлерімен алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған.
Алмалы аудандық сотының үкімімен кәсіпорын мен мердігер ұйымның 10 лауазымды тұлғасы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олардың мүлкі тәркіленіп, келтірілген шығынды өтеу міндеттелді.
Кейін іс кассациялық тәртіппен қайта қаралған кезде жымқырылған қаражаттың 127 млн теңгесі басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан анықталған.
Прокурордың наразылығынан кейін сот шешімі өзгертіліп, аталған сома мемлекет кірісіне өндірілді.
Құзырлы органдар бұл жағдай бюджет қаражатына қол сұққандар жауапкершіліктен құтылмайтынын тағы бір мәрте көрсетті.