Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы метросында жасөспірімнің сөмкесінен үш оқ шықты

Малика Хамит 64 қаралым
Алматы метросында жасөспірімнің сөмкесінен үш оқ шықты

Алматы метросының «Райымбек батыр» станциясында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жолаушыдан оқ-дәріге ұқсас заттарды анықтады, деп хабарлайды

порталы.

Тексеру барысында қала колледждерінің бірінде оқитын студенттің жанынан Калашников автоматына тиесілі болуы мүмкін үш оқ табылған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған заттар сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта оқ-дәрілердің нақты түрі мен олардың қайдан алынғаны анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау немесе алып жүру заң алдында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp