Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы метросындағы төбелестің соңы сотпен аяқталды

Малика Хамит · · 362 қаралым
Алматы метросындағы төбелестің соңы сотпен аяқталды

Алматы метросында пойыз ішінде басталып, станция платформасында жалғасқан төбелеске қатысқан екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды

порталы.

Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары жанжалға жедел араласып, оқиғаға қатысушыларды ұстаған. Кейін жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сот шешімімен екі азамат та ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Полиция қоғамдық көлікте тәртіп бұзу мен агрессиялық әрекеттерге жол берілмейтінін еске салды. Ведомство мұндай құқық бұзушылықтардың барлығы заң аясында қаралып, кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp