Алматы метросында екі жолаушының арасында жанжал туындап, қоғамдық тәртіп бұзылды. Оқиға салдарынан басқа жолаушыларға да қолайсыздық келтірілген. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Оқиға метроның «Райымбек» және «Абай» станциялары арасындағы учаскеде болған. Вагон ішінде әйел мен ер адамның арасындағы сөзге келіспеушілік жанжалға ұласып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болған.
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан екі азаматты да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Іс материалдары сотқа жолданды.
Сот шешімімен әйелге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.