Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, дейді Qandastar.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, балмұздақ өндірісі бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Өңірде бес ай ішінде 23,3 мың тонна өнім өндіріліп, бұл республикадағы жалпы көлемнің 66,3 пайызын құраған.
Балмұздақ өндіретін ірі өңірлер қатарында Түркістан облысы да бар. Онда аталған кезеңде 6 мың тонна өнім шығарылған. Сондай-ақ Алматы қаласында 1,3 мың тонна, Ақмола облысында 1,1 мың тонна балмұздақ өндірілген.
Статистикаға сәйкес, елде өндірілген өнімнің басым бөлігін кілегейлі балмұздақ пен пломбир құрайды. Есепті кезеңде кілегейлі балмұздақтың 15,2 мың тоннасы, ал пломбирдің 14,3 мың тоннасы өндірілген.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, аталған екі өнім түрі Қазақстандағы жалпы балмұздақ өндірісінің 80 пайыздан астамын қамтиды.