16 маусымнан бастап Алматы облысының мемлекеттік мекемелері жаңа жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Енді аудан мен облыстық басқармалардағы мемлекеттік мекемелер жұмысын
таңғы 8-де бастап, 17:30-да аяқтайды
. Түскі үзіліс
12:30 бен 14:00 арасы
.
Өзгерістер келесі мемлекеттік органдарға қатысты:
- Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарының, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларының әкімдіктері;
- Ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім, экономика, туризм, спорт, құрылыс, ТКШ, энергетика, цифрлық технологиялар және басқа да салалар бойынша 27 басқарма.
Сондай-ақ тізімге ішкі саясат, мәдениет, сәулет, жұмыспен қамту, қаржы, тіл саясаты және төтенше жағдайлар басқармалары да кіреді.