Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Nur.kz порталына сілтеп мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол 2026 жылғы 24 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласындағы саяжай аумағында орналасқан Виноградная көшесі, 15-үйден шығып, қайта оралмаған.
Қыздың белгілері: бойы шамамен 160–165 см, арық денелі, қоңыр шашты (боб үлгісінде қиылған), қоңыр көзді. Сол жақ қасының үстінде тыртығы бар, мұрнында пирсинг болған. Үстінде қара өрнегі бар ақ футболка, қара трикотаж шалбар және сұр кроссовка киген. Қасында қара сөмкесі болған.
Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыз туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден көрсетілген нөмірлерге немесе полицияның 102 қызметіне хабарласу сұралады.