Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында 16 жастағы қызды жылан шақты

Малика Хамит · · 489 қаралым
Алматы облысында 16 жастағы қызды жылан шақты

Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында 16 жастағы қызды жылан шақты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға кезінде кезекшілікте жүрген Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағына демалушылар хабарлаған.

[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/VID_20260706_122909_121.mp4"][/video]

Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізді.

ТЖМ жаз мезгілінде жыландардың белсенді болатынын ескертіп, табиғат аясында демалғанда сақтық шараларын сақтауға шақырды. Мамандар белгіленген соқпақтардан шықпауға, демалыс орнын алдын ала мұқият тексеруге және жыландарға жақындамауға кеңес береді.

Ведомствоның мәліметінше, жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp