Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңге жымқырылған

Малика Хамит 79 қаралым
Алматы облысында әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңге жымқырылған

Алматы облысында әлеуметтік тұрғын үй сатып алуға бөлінген 101,4 млн теңге жымқырылған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл іске қатысы бар үш адам сотталды.

Райымбек ауданында әлеуметтік осал топтарға арналған баспана сатып алуға бөлінген бюджет қаражаты тексерілген. Прокуратура 2019–2024 жылдары жалпы құны 596 млн теңгеден асатын 55 тұрғын үйді сатып алуға қатысты мемлекеттік сатып алуды зерделеген.

Тексеру кезінде үйлердің бағасын негізсіз көтеріп, артық қаражатты кейін қолма-қол ақшаға айналдыру және схемаға қатысушылар арасында бөлісу фактілері анықталған.

Тергеу нәтижесінде мемлекетке келген шығын 101,4 млн теңге деп бағаланды.

2026 жылғы 5 тамызда сот үш адамды кінәлі деп танып, олардың әрқайсысына 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметтегі тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp