Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында екі адамды пойыз қағып кетті

bahitzhanabzal · · 134 қаралым
Алматы облысында екі адамды пойыз қағып кетті

Алматы облысында екі адамды пойыз қағып кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz  ақпарат порталы.

Оқиға 23 маусым күні сағат 19:10 шамасында Отар – Алматы-1 учаскесінде болған. Аксенгер – Бурундай аралығында екі адамның теміржол үстіне кенеттен шығып кетуіне байланысты машинист шұғыл тежеу қолданған.

Локомотивтен берілген дабылдарға олар жауап қатпаған. Қашықтықтың тым жақын болуына байланысты қағылудың алдын алу мүмкін болмады
делінген хабарламада.

Оқиға туралы Алматы-1 станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне хабарланған. Қазір оқиғаның мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp