Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында көлік аударылып қалды: тұрғындар сапасыз жолға шағымданып жатыр

Малика Хамит · · 123 қаралым
Алматы облысында көлік аударылып қалды: тұрғындар сапасыз жолға шағымданып жатыр

Алматы облысында Привольное мен Жалғамыс ауылдарының арасындағы жолдың видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті.

Шұрық-тесік жолға тұрғындар жаппай шағымданып жатыр, деп хабарлайды

порталы "

" Instagram аккаунтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуларынша, жолдың қазіргі жағдайы жүргізушілер үшін үлкен қауіпке айналған.

Мәселен, жуырда бұл жолда жол апаты болып, көлік аударылып қалған.

Оқиға кезінде көлікте балалар да болғаны айтылады.

Абырой болғанда, ауыр зардап тіркелмеген.

Жергілікті халық бірнеше жылдан бері жол мәселесі шешілмей келе жатқанын айтады.

Әсіресе Жалғамыс бағытына қарай, құс фабрикасының жанынан өтетін аумақтың жағдайы өте нашар екені айтылуда.

Тұрғындардың сөзінше, жүргізушілер күн сайын дөңгелектерін бүлдіріп, кейде жол жиегінде қалып қояды. Олар E-Otinish платформасы арқылы бірнеше рет шағым жолдағанымен, нақты нәтиже болмағанын жеткізді.

Ауыл халқы жол мәселесі жуық арада шешілмесе, келесі жағдай әлдеқайда ауыр аяқталуы мүмкін деп алаңдап отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp