Алматы облысында полиция қызметкерінің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды
порталы.
Полицияның мәліметінше, 23 маусым күні таулы аймақтан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.
Кейін марқұмның жеке басы анықталып, оның құқық қорғау органдарының қызметкері болғаны расталды.
Аталған факті бойынша Кеген ауданында қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Іс аясында бірнеше күдікті, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Розыск человека (@rozysk_kz)