Бүгін Достық-Бескөл учаскесінің күзетілмейтін өткелінде жеңіл автокөлік жолға кенеттен шығып кеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ақпарат Достық станциясының ЖПБ-на берілді. Жол-көлік оқиғасы пойыздардың жүру кестесіне әсер етті. Биылғы жылдың бес айында теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары саны 20 пайызға өскен.
ҚТЖ жүргізушілерді өте мұқият болуға және темір жолдарды кесіп өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.