Алматы облысында ер адам өз әйелін көлікпен қағып өлтірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Күдікті - полиция қызметкері.
Бұл туралы ақпарат алғаш рет әлеуметтік желілерде тарады.
"Kozachkov offside" Telegram-арнасының мәліметінше, қайғылы оқиғаға Балқаш аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары қатысты болуы мүмкін. Арнада оның тас жолда әйелін көлікпен қағып кеткені айтылған.
Облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Ведомство мәліметінше, 37 жастағы ер адам әйелді көлікпен қағып кеткен деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.
Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полицияның хабарлауынша, іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынған.
Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.