Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында сел қаупі: 58 адам шұғыл эвакуацияланды

Малика Хамит · · 1 037 қаралым
Алматы облысында сел қаупі: 58 адам шұғыл эвакуацияланды

Алматы облысындағы Түрген шатқалында нөсер жауыннан кейін Түрген өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, салдарынан Түрген - Ассы автожолының бірқатар бөлігін су шайып кетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Су басқан аумақта 17 киіз үй мен «Водник» бау-бақша серіктестігіндегі төрт ауланың аумағы зардап шекті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында 58 адам эвакуацияланды. Олардың арасында 21 бала мен 8 шетел азаматы бар. Азаматтарды қауіпсіз жерге жеткізу үшін арнайы вахталық көлік ұйымдастырылды. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Мамандар сел қаупіне тұрақты мониторинг жүргізіп, жолдарды қалпына келтіру және апат салдарын жою жұмыстарын атқаруда.

Жалпы құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және өзге де қызметтердің 300-ге жуық маманы мен 44 техника жұмылдырылған. Жағдай ведомствоның ерекше бақылауында.

Бөлісу: Telegram WhatsApp