Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында шекара заставасында өрт шықты: қаза тапқандар бар

Малика Хамит · · 943 қаралым
Алматы облысында шекара заставасында өрт шықты: қаза тапқандар бар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағында болған.

2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты
делінген мәлімдемеде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді.

Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp