Алматы облысында 20 жастағы жігіт топтық жанжалдан кейін көз жұмды. Марқұмның туыстарының айтуынша, 12 сәуір күні Талғар ауданында оған 10-нан астам адам шабуыл жасаған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Әпкесінің айтуынша, жас жігітті қоршап алып, өзін қорғауға мүмкіндік бермеген, соның салдарынан ол пышақ жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Оның сөзінше, оқиғаға қатысты бірнеше куәгер мен бейнежазбалар бар, алайда тек бір адам ғана қамауға алынған.
Полиция бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын растады. Екі қылмыстық іс қозғалған: кісі өлтіру және бұзақылық фактілері. Қазіргі таңда бір күдікті қамауда, тағы үш адам ұсталған, олардың бірі үйқамақта, ал кәмелетке толмаған бір тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмаған.