Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында тіркелген.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.
Кадрлардан ұшақтың тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына қонғанын көруге болады.
Ұшақтың белгілі бір деңгейде зақымданғаны байқалады.
Көлік министрлігі аталған авиациялық оқиғаны растады. Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін авиациялық оқиға орнына департамент қызметкері жіберілді
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.