Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында үйлерге улы газ датчиктері орнатылды

Бақытжан Мұса 79 қаралым
Видеодан скрин
Видеодан скрин

Алматы облысында әлеуметтік осал отбасылардың үйлерінде қауіпсіздік шаралары жүргізілді

Алматы облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері полиция және еріктілермен бірлесіп, әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйлерінде профилактикалық жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Іс-шара барысында мамандар пеш мұржаларын күйеден тазалап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар үйлерге улы газдың таралуын дер кезінде анықтайтын арнайы датчиктер орнатылды.

Профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты — жылыту маусымында өрт пен улы газдан улану жағдайларының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бөлісу: Telegram WhatsApp