Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында VIP-клиенттерге жұмыс істеген есірткі зертханасы әшкереленді

Малика Хамит · · 530 қаралым
Алматы облысында VIP-клиенттерге жұмыс істеген есірткі зертханасы әшкереленді

Алматы облысында есірткі өндірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Операцияны Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті өңірлік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген, деп хабарлайды

порталы

-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіруден бастап, дайын өнімді сатуға дейінгі барлық процесті бақылауда ұстаған. Қылмыстық схема аясында арнайы жабдықталған фитозертхана жұмыс істеген.

Қылмыстық топ құрамында есірткісі бар өсімдіктерді жасырын өсіруден бастап дайын өнімді өткізгенге дейінгі барлық кезең ұйымдастырылған», – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Дәйексөз

Тергеу барысында автоматтандырылған желдету, жарықтандыру және суару жүйелерімен жабдықталған жертөле анықталды. Тінту кезінде 29 түп қарасора, 27 келі дайын есірткі өнімі, арнайы құрал-жабдықтар, электрондық тасымалдағыштар мен байланыс құрылғылары тәркіленді.

Сонымен қатар үш миллион теңгеден астам қолма-қол ақша мен оқ-дәрілері бар тіркелмеген қару табылған.

Полицияның мәліметінше, заңсыз өндірісті ұйымдастырды деген күдікке ілінген 40 жастағы азамат каннабис өсіру технологияларын ұзақ уақыт зерттеген. Ол өндірісті кеңейту үшін шетелдік мамандардан кеңес алып, арнайы жабдықтарға тапсырыс берген.

Күдікті құрамында есірткісі бар өсімдіктердің жоғары өнімді сұрыптарын өсіру және оларды қайта өңдеу технологияларын меңгеруге күш салған
деді ведомство өкілі.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктінің серіктесі ретінде бұрын ауыр қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның гаражынан шамамен төрт келі гашиш, есірткіні буып-түюге арналған материалдар және оны қолдануға арналған заттар табылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың барлық байланыстары, тұқым мен жабдық жеткізу арналары және басқа да ықтимал заңсыз әрекеттер тексерілуде
деп хабарлады ІІМ.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында олардың иелігіндегі жылжымайтын мүлік пен қымбат көліктерге тыйым салынды. Құқық қорғау органдары қылмыстық істі жан-жақты тергеуді жалғастырып жатыр.

[embed]https://youtu.be/kvOzvQtVo90?si=IDph8KnGT0NjjlQR[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp