Алматы облысының Қарасай ауданында заңсыз қоқыс полигонында өрт шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Төтенше жағдай Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай ауылының маңында болған. Қоқыс шамамен 400 шаршы метр аумақта жанған.
Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Оқиға орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылып, арнайы техника тартылған.
Құтқарушылар өрт ошақтарын топырақпен көміп, аумақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.
[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/09/IMG_8560.mp4"][/video]