Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында зейнеткер көлігімен екі баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Малика Хамит 107 қаралым
Алматы облысында зейнеткер көлігімен екі баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Алматы облысының Қарасай ауданында жол шетімен келе жатқан екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жол-көлік оқиғасы күндіз болған. Рөлде 65 жастағы ер адам отырған. Ол апаттан кейін оқиға орнынан кетіп қалған.

Жарақат алған екі бала да клиникалық көпсалалы аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер екеуіне де ота жасаған. Балалардың бірі палатаға ауыстырылды, ал екіншісінің жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Құқық қорғау органдары апаттан кейін қашып кеткен жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp