Алматы облысы мәслихатының депутаттары 4 қыркүйек күні өңірдің жаңа әкімін тағайындауға келісім беру мәселесін қарау үшін жиналады. Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімі қызметін Марат Сұлтанғазиев атқарып отыр. Бұл туралы Qandastar.kz.
Алматы облыстық мәслихаты аппаратының мәліметінше, жиын Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес өткізіледі. Құжатқа сәйкес, облыс аумағындағы барлық мәслихат депутаттары Алматы облысының әкімі лауазымына ұсынылған кандидатқа келісім беру мәселесін талқылайды.
Жиналыс 2026 жылғы 4 қыркүйекте сағат 10:00-де Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде (Жамбыл көшесі, 13/1) өтеді. Депутаттарды тіркеу таңғы сағат 09:00-де басталады.