Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында жанармай құю бекетіне шабуыл жасағандар ұсталды

Малика Хамит · · 153 қаралым
Алматы облысында жанармай құю бекетіне шабуыл жасағандар ұсталды

Алматы облысында жанармай құю бекетіне жасалған қарулы қарақшылық шабуылдың беті жедел ашылды, деп хабарлайды

порталы.

Полиция күдіктілерді қылмыс болғаннан кейін көп ұзамай қолға түсірді.

Тергеу барысында Жедел басқару орталығының мамандары зияткерлік бейнебақылау жүйесінің көмегімен күдіктілердің жүрген бағытын анықтап, олардың жеке басын қысқа уақыт ішінде анықтаған. Кейін жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша қарақшылық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, заманауи бейнебақылау жүйелері қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік беріп, күдіктілердің қозғалысын бақылауға және полиция бөлімшелерінің жұмысын тиімді үйлестіруге көмектеседі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp