Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 43 қаралым
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

Алматы облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды

порталы.

Облыстық полицияның мәліметінше, апат 23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болған.

Алдын ала деректер бойынша, Haval маркалы көлік жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде танылған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, жол апатының нақты себептері тергеу барысында анықталады. Істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ИЛИЙСКИЙ РАЙОН📍ОТЕГЕН БАТЫР (@gres_big_family)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp