Алматы облысында бопсалау және қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды
порталы.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала деректер бойынша, 16–17 сәуірге қараған түні Талғар ауданында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша 28 жастағы ер адамды адамдар аз жүретін жерге алдап шақырған. Кейін олар пышақпен қорқытып, күш қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, оны таулы аймаққа күштеп алып кеткен
Күдіктілер жәбірленушіні құқық қорғау органдарына оның тарапынан заңсыз әрекеттер жасалды деген жалған ақпарат таратамыз деп қорқытып, 10 миллион теңге талап еткен.
Сондай-ақ құны шамамен 17 миллион теңге болатын автокөлігін кепіл ретінде алып қойған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, сондай-ақ ұсталғандардың өзге де осы тектес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)