Облыстық ТЖД 112 пультіне Жамбыл ауданы Ұмбетәлі ауылындағы су қоймасына жасөспірім батып кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жеткен.
Анықталғандай, төрт жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, суға құлағаны анықталды
Куәгер балықшы ойланбастан көмекке жүгіріп, үш жасөспірімді аман алып қала алды.
Алайда төртінші жасөспірімді құтқару мүмкін болмады.
Мәйіт ТЖМ РЖҚЖ сүңгуірлері арқылы судан шығарылып, әрі қарай әрекет ету үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды
❗Алматы облысы ТЖД тағы бір мәрте ескертеді:
Балаларды су қоймаларына қараусыз қалдырмаңыз;
Жұқа мұзға шықпаңыз;
Су объектілері маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз.