Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Малика Хамит · · 70 қаралым
Алматы облысында жер сілкінісі болды

8 маусым күні сағат 21:55-те ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпуінің тереңдігі 5 шақырым болған.

Есептік қарқындылығы бойынша Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында 2,5 балл, ал Жалағаш ауылында 2 балл сезілген.

Жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары мен гидротехникалық құрылыстарға, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізді.

Сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ету нысандары тексерілді.

Тексеру қорытындысы бойынша зақымданулар анықталған жоқ. Барлық нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

Алматы облысы ТЖД тұрғындарға психологиялық қолдау көрсету үшін «Қауырт желі» қызметін іске қосты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp