Алматы облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қазір оқиғаға байланысты кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция мәліметінше, 27 мамыр күні Ұйғыр ауданының тұрғыны ұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы арызданған.
Оның айтуынша, азамат жұмысқа кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.
Іздестіру шаралары барысында ер адамның денесі өзі еңбек еткен демалыс аймағының маңынан табылған.
Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиға алдында марқұм мен оның әріптестері арасында жанжал болған. Соның салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, көз жұмған.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру және қылмысты жасыру баптарымен қылмыстық істер тіркелді. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ құқық қорғау органдары оқиға болған күні сол жерде болған тағы бір адамның іске қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Тергеу амалдары жалғасуда.