Алматы облысының үш тұрғыны қыз алып қашу дерегі бойынша сотталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы Жамбыл облысының соты хабарлады, деп хабарлайды
порталы.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға өткен жылдың қазан айында Тараз қаласында болған. Жәбірленуші 19 жастағы қызды ер адам некеге тұру мақсатында күштеп алып кетуді ұйымдастырған.
Сот мәліметінше, қыз бен ұйымдастырушы бес жылдан астам уақыт бойы қарым-қатынаста болған. Алайда бойжеткен бірнеше рет тұрмысқа шығудан бас тартқан.
Соған қарамастан, ер адам таныстарын тартып, қызды күш қолданып алып кетуді жоспарлаған. Нәтижесінде үш азамат күндізгі уақытта жәбірленушіні еркінен тыс көлікке отырғызып әкеткен.
Жәбірленуші бірнеше мәрте некеге тұрудан бас тартқанына қарамастан, сотталушылар оны күштеп алып кеткені анықталды
Сот үкімімен үш айыпталушының әрқайсысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген.