Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы полициясы іздеудегі адамды ақылды көзілдірікпен ұстады

Малика Хамит
Алматы полициясы іздеудегі адамды ақылды көзілдірікпен ұстады

Алматыда іздеуде жүрген адамды ақылды көзілдірік арқылы анықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері заманауи технологияның көмегімен іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Ол мешіттердің бірінен анықталған.

Полицияның мәліметінше, ақылды көзілдірік арқылы Шымкент қаласында іздеуде жүрген азаматтың кім екені белгілі болған. Құрылғы адамның бет-әлпетін полиция базасындағы деректермен автоматты түрде салыстырады. Ал қызметкер күдікті туралы ақпаратты көзілдіріктің шағын экранынан көре алады.

Тексеру нәтижесінде ер адам ұсталып, тиісті органға тапсырылды.

Айта кетейік, әзірге мұндай ақылды көзілдіріктің бір ғана данасы сынақ режимінде қолданылып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp