Мазмұнға өту
qandastar.

Алматы полициясы мектеп бітіру кештері кезінде бақылауды күшейтеді

Бақытжан Мұса · · 405 қаралым
Алматы полициясы мектеп бітіру кештері кезінде бақылауды күшейтеді

Алматы қаласының Полиция департаменті Алматыда мектеп бітіру кештері қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін хабарлады, дейді Qandastar.kz. Полиция мәліметінше, мерекелік күндері жасөспірімдердің коттедждер жалдап, бақылаусыз отырыс ұйымдастыруы, алкогольдік ішімдік ішуі, көлікпен қауіпті серуендеуі және автокортеждер жасауы жиі кездеседі.

Тәртіп сақшылары мұндай әрекеттер жол-көлік оқиғаларына, қоғамдық тәртіптің бұзылуына және түрлі қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты қала аумағында, әсіресе мектеп бітіру кештері өтетін орындар мен көшелерде бақылау күшейтіледі.

Полиция ата-аналар мен мұғалімдерді оқушыларды қараусыз қалдырмауға шақырып, қауіпсіздік ережелерін алдын ала түсіндіру қажеттігін айтты. Сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз жүруіне, көлікпен қауіпті сапарларға шығуына және қоғамдық тәртіпті бұзуына жол бермеу керектігі ескертілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp