Үкіметтің мәліметінше, Алматы тау кластерін дамыту жобасы практикалық кезеңге өтті. Жоба аясында салынатын 11 аспалы жолдың құрылысын жүзеге асыру үшін бұл саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын француздық POMA компаниясы таңдалды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Сонымен қатар жобаға Канада мен АҚШ-тың халықаралық компаниялары тартылған. Олар нысандарды жобалау және құрылыс жұмыстарын үйлестірумен айналысады.
Жоспар бойынша, Almaty SuperSki тау шаңғысы курорты 2028 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.